Текст
2026 жылғы 7 қыркүйекте «Первомайка ауылының ЖОББМ» КММ -де «Тіл – достықтың тірегі» тақырыбында кітап көрмесі өтті. Көрме тілдің адам өміріндегі маңызына, ұлттық мәдениетті сақтауға және халықтар арасындағы достықты нығайтуға арналды.Көрме туған тілге, мәдениет пен салт-дәстүрге деген құрметті қалыптастыруға, сондай-ақ адамдар арасындағы өзара түсіністік, достық пен келісімді нығайтуға ықпал ететін танымдық алаңға айналды.





