Текст
"Первомайка аулының ЖОББМ" КММ-де мектеп кітапханашысы «Адал азамат – адал ұрпақ» («Честный гражданин – честное поколение») тақырыбында кітап көрмесін ұйымдастырды.
Көрмеге адалдық, жауапкершілік, еңбекқорлық, адамгершілік және өз ісіне жауапты болу құндылықтарын насихаттайтын көркем және танымдық әдебиеттер қойылды.Кітап көрмесінің мақсаты – оқушылардың бойында адалдық пен жауапкершілік қасиеттерін қалыптастыру, еңбекті құрметтеуге тәрбиелеу, адамгершілік құндылықтарды дәріптеу және кітап оқуға деген қызығушылықтарын арттыру.Көрме барысында оқушылар ұсынылған әдебиеттермен танысып, өздері қызыққан кітаптарды таңдауға мүмкіндік алды.






