«Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі  Первомайка ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 
Коммунальное государственное учреждение   "Общеобразовательная школа села Первомайка отдела образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

 

      

Ұйымдар тізімі

Галерея

Барлығын қарау>>>

«Ойла , іздеп тап!» викторинасы

21.10.2026

2026 жылдың  21 қазан  күні  бастауыш апталығында 2 «А» сыныптар арасынжа «Ойла , іздеп тап!» викторинасы өткізілді.
Мақсат: Оқушылардың білімін шыңдау, логикалық ойлау қабілетін, тапқырлығын, зейінін және жылдам ойлау дағдыларын дамыту; алған білімдерін тәжірибеде қолдануға үйрету, ізденімпаздыққа, ұйымшылдыққа, достыққа және өзара сыйластыққа тәрбиелеу.
Өткізу түрі:  Танымдық викторина, топтық сайыс.
Сайыс барысы:
Викторина барысында оқушылар бірнеше кезең бойынша білімдерін сынайды:
«Білімділер» кезеңі – пәндер бойынша сұрақтарға жауап беру.
«Ойлан, тап!» кезеңі – логикалық сұрақтарды шешу.
«Математикалық әлем» кезеңі – есептер шығару, амалдарды орындау.
«Тіл білгірлері» кезеңі – сөздердің мағынасын табу, мақал-мәтелдерді жалғастыру.
«Кім жылдам?» кезеңі – жылдамдық пен тапқырлыққа арналған тапсырмалар.
«Зеректер» кезеңі – жұмбақтар шешу және дүниетанымдық сұрақтарға жауап беру.
Күтілетін нәтиже: Оқушылардың білімге деген қызығушылығы артады, логикалық ойлау қабілеті дамиды, алған білімдерін тәжірибеде қолдануға үйренеді. Топпен жұмыс істеу дағдылары қалыптасып, өзара сыйластық пен ұйымшылдық нығаяды.
Қорытынды: «Ойла, іздеп тап!» викторинасы оқушылардың білімін шыңдап, тапқырлығы мен белсенділігін арттыруға бағытталған қызықты танымдық сайыс. Сайыс соңында оқушылардың ұпайлары есептеліп, жеңімпаз топ анықталады. Қатысушылар марапатталып, белсенділіктері атап өтіледі.

       

Просмотров: 67

Қосымшалар:



Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу

Текст