Текст
"Первомайка аулының ЖОББМ" КММ-де мектеп кітапханашысы оқушылармен «Кітап оқитын ұлт» республикалық жобасына арналған ақпараттық кездесу өткізді.Іс-шара барысында оқушыларға жобаның мақсаты мен міндеттері, қатысу тәртібі және ұсынылатын әдебиеттер туралы презентация көрсетілді. Кітапханашы жобаға қатысудың негізгі кезеңдерін толық түсіндіріп, оқушылардың сұрақтарына жауап берді.Презентациядан кейін оқушыларды «Кітап оқитын ұлт» жобасына қатысу үшін тіркеу жұмыстары жүргізілді. Оқушыларға әрі қарай қатысу және ұсынылған әдебиеттерді оқу бойынша қажетті ақпарат пен ұсыныстар берілді.
Іс-шара оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыруға, оқырмандық көкжиегін кеңейтуге және тұрақты оқу мәдениетін қалыптастыруға бағытталды.






