Текст
04.10.2026
2 қазан күні мектебімізде Ұстаздар күніне орай дәстүрлі «Дублер күні» ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында жоғары сынып оқушылары бір күнге ұстаздардың рөлін атқарып, білім алушыларға сабақ өткізді. Оқушылар өздерін мұғалім ретінде сынап көріп, сабақ түсіндіру, сыныппен жұмыс жасау және жауапкершілік алу тәжірибесіне ие болды.
Дублер күні оқушылардың бойында жауапкершілік, көшбасшылық, ұйымшылдық және ұстаз еңбегіне деген құрмет қасиеттерін қалыптастыруға ықпал етті.
Бұл күн оқушылар үшін қызықты әрі есте қаларлықтай өтті. Ұстаздық мамандықтың жауапкершілігі мен маңыздылығын сезінуге мүмкіндік берген тағылымды іс-шара болды.





